Қилыбаев Нұрлан
1969 ж. т.
Қилыбаев Нұрлан Аталықұлы. Заманауи суретші-кескіндемеші. 1969 жылы Талдықорған облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Алматыда тұрады және жұмыс істейді.1995 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің көркемсурет-графика факультетін бітірген. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Марапаттары мен атақтары: Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты (2004), «Қазақ халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрі» республикалық байқауының дипломанты (2012), Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Ә.Қастеев атындағы «Үздік шығармашылдығы үшін» медалінің иегері (2015). Ресей, Өзбекстан, Қытай, Франция, Италия, Греция, Египет, Ұлыбритания, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен көптеген республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Жұмыстары Қазақстандағы және шетелдегі... далее
Қилыбаев Нұрлан Аталықұлы. Заманауи суретші-кескіндемеші. 1969 жылы Талдықорған облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Алматыда тұрады және жұмыс істейді.1995 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің көркемсурет-графика факультетін бітірген. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Марапаттары мен атақтары: Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты (2004), «Қазақ халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрі» республикалық байқауының дипломанты (2012), Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Ә.Қастеев атындағы «Үздік шығармашылдығы үшін» медалінің иегері (2015). Ресей, Өзбекстан, Қытай, Франция, Италия, Греция, Египет, Ұлыбритания, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен көптеген республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Жұмыстары Қазақстандағы және шетелдегі мемлекеттік және жеке коллекциялар мен қорларда. скрыть
Суретшінің жұмыстары