Цой Виктория Ильинична. Қазақстанның заманауи суретшісі. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2018 ж. бастап). Талдықорған қаласында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) суретші-декоратор мамандығы бойынша бітірген (1986-1990), содан кейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сценограф мамандығы бойынша білім алған (1991-1996). Республикалық және халықаралық көрмелер, пленэрлер және түрлі байқаулардың қатысушысы (1998-2022). 2009 жылы жеке көрмесі өтті. Виктория Алматы қаласында тұрады және жұмыс істейді. Оның көптеген туындылары Қазақстан мен шетелдегі жеке коллекцияларда сақталған.