Ноғайбаев Шыңғыс
1965 ж. т.
Шыңғыс Ыдырысұлы Ноғайбаев (16 мамыр 1965 жылы туған, Алматы қ.) – сценограф, график-суретші, литография техникасында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО Халықаралық суретшілер федерациясы IFA мүшесі, Қазақстан Республикасы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты, Мәскеудегі «Визит» галереясының тұрақты авторы. 1984 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1993 жылы В.И. Суриков атындағы көркемсурет институтының театр бөлімін М. М. Курилко-Рюмин шеберханасы бойынша бітірді. 1994 жылы «Голубиный звонарь» фильмінде Тимурдың басты рөлін сомдады, режиссері А. Қарақұлов, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы (МКФ гран-при, Таормина - 94, Италия). 1995 жылы байқау негізінде Таганка драма және... далее
Шыңғыс Ыдырысұлы Ноғайбаев (16 мамыр 1965 жылы туған, Алматы қ.) – сценограф, график-суретші, литография техникасында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО Халықаралық суретшілер федерациясы IFA мүшесі, Қазақстан Республикасы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты, Мәскеудегі «Визит» галереясының тұрақты авторы. 1984 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1993 жылы В.И. Суриков атындағы көркемсурет институтының театр бөлімін М. М. Курилко-Рюмин шеберханасы бойынша бітірді. 1994 жылы «Голубиный звонарь» фильмінде Тимурдың басты рөлін сомдады, режиссері А. Қарақұлов, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы (МКФ гран-при, Таормина - 94, Италия). 1995 жылы байқау негізінде Таганка драма және комедия театрында тағылымдамадан өтті. Ю.П. Любимов қойған Ж.Б. Мольердің «Тартюф» спектаклінің декорациясын қалпына келтірді. Үлкен театрда (ГАБТ) Ковент-Гарден жас балетіне үшін перде жасау тағылымдамасынан өтті. 1996 жылы В.И. Суриков атындағы МГАХИ-дың ассистентурасын бітірді және Ресей өнер академиясының (РАХ) театр-декорация өнері бойынша байқау негізінде стажер ретінде қабылданды. 1997 жылы Алматыда өткен II Орталық Азия ойындарына «көркем фон» суретшісі ретінде шақырылды. 1998 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ драмалық театрының «Yкілі Ыбырай» (Ш. Хусаинова), «Шагала» («Шайка» А. П. Чехов) спектакльдеріне бірнеше сценография жасады. Сол жылы Алматыда өткен фестивальде «Ең үздік сценограф суретші» арнайы сыйлығымен марапатталды. Суретшінің жұмыстарында театрлық атмосфера байқалады. Актерлер отбасында дүниеге келгендіктен, ол театр өмірінің атмосферасын өзінің кескіндемесіне көшіреді. Шыңғыс Ыдырысұлының бейнелеген сәттері - уақыттың көріністері. Сюжеттері баяндаушы сияқты көрінгенімен, әнтек ирониямен толтырылған, автордың нәзік юморлық сезімін көрсетеді. Оның туындыларындағы кейіпкерлерде жұмбақтық пен тосырқау сезімі толы. Ноғайбаев көшпенділерді осындай қасиеттермен бейнелейді. Ол картиналарында көшіп жүрген бейнелер мен ойларды, олардың кредосын ашып көрсететін жеке әлемдерді жасайды. Ресей мен Қазақстандағы алпысқа жуық топтық көрмелердің, сондай-ақ Лондон, Глазго, Прага, Гонконг, Париж, Спартанберг, Вашингтондағы халықаралық көрмелердің қатысушысы. скрыть
Суретшінің жұмыстары