Бобков Александр Анатольевич. Пейзаж суретшісі. Бала кезінен-ақ туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілігі оянды. Қазақстанда дүниеге келген, 1971 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне түсті, сондай-ақ ол Бийск педагогикалық училищесінің көркемсурет-графика бөлімінде талантты педагог Владимир Евстигнеевич Непомнящийден білім алған. 1979 жылы ол туған жері Талдықорғанға оралып, үш жыл бойы этюдтер, пейзаждар, портреттер, натюрморттар жазған. Қалалық, республикалық көрмелердің қатысушысы. 1999 жылдан бері Ресейде тұрып, жұмыс істеп келеді.