Қанапиянов Жұмағали
1924 ж. т.
Қанапиянов Жұмағали Қанапиянович. График суретші. 1924 жылы Семей облысы Абай ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әкесі қайтыс болғаннан кейін балалар үйінде тәрбиеленген. 1943 жылы әскерге шақырылып, екі айлық дайындықтан кейін майданға жіберілді. Ж. Қанапиянов қызмет еткен 283-ші атқыштар дивизиясының жеке құрамы Берлиннің оңтүстік-шығысында гитлерлік топты жойғаны үшін Жоғарғы Бас қолбасшының алғыс хатымен марапатталды. Ол «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.1947 жылы Алматыға көшіп келіп, театр-көркемсурет училищесінде оқып, 1953 жылы тәмамдады. Мектепте сызу және сурет пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді, ал... далее
Қанапиянов Жұмағали Қанапиянович. График суретші. 1924 жылы Семей облысы Абай ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әкесі қайтыс болғаннан кейін балалар үйінде тәрбиеленген. 1943 жылы әскерге шақырылып, екі айлық дайындықтан кейін майданға жіберілді. Ж. Қанапиянов қызмет еткен 283-ші атқыштар дивизиясының жеке құрамы Берлиннің оңтүстік-шығысында гитлерлік топты жойғаны үшін Жоғарғы Бас қолбасшының алғыс хатымен марапатталды. Ол «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.1947 жылы Алматыға көшіп келіп, театр-көркемсурет училищесінде оқып, 1953 жылы тәмамдады. Мектепте сызу және сурет пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді, ал 1961 жылдан бастап «Жұлдыз» журналының көркемдік редакторы болды. Халықаралық көрмелерге қатысушы. Суретші республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелердің қатысушысы. Ж.Қанапьянов жұмыс істейтін негізгі жанр – пейзаждар мен плакаттар; 1977 жылы «Сатира в борьбе за мир» атты халықаралық көрмеде Ж.Қанапьянов қола медальмен марапатталды. 1978 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. скрыть
Суретшінің жұмыстары