Шереметьев Григорий
1922-1997
Шереметьев Григорий Тимофеевич. Кескіндемеші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957 ж. бастап). Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1922 жылы 2 қаңтарда Алтай өлкесінің Сидоровка селосында дүниеге келген. 1956 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) бітірген. Семей қаласында тұрды және жұмыс істеді. Өнерінің басты тақырыбы ретінде Семейдің Ертіс өзенін таңдап алған Григорий Шереметьев пейзаждарды, портреттерді, тақырыптық картиналарды үлкен сүйіспеншілікпен жазған. Суретшінің ең танымал туындылары: «Семейдің маңайы» (1950 ж.), «Семейдің даласы» (1959 ж.), «Тракторист К. Әзелханов» портреті (1960 ж.), «Ертіс» (1960 ж.), «Ертіс жағалауының күзгі... далее
Шереметьев Григорий Тимофеевич. Кескіндемеші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957 ж. бастап). Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1922 жылы 2 қаңтарда Алтай өлкесінің Сидоровка селосында дүниеге келген. 1956 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) бітірген. Семей қаласында тұрды және жұмыс істеді. Өнерінің басты тақырыбы ретінде Семейдің Ертіс өзенін таңдап алған Григорий Шереметьев пейзаждарды, портреттерді, тақырыптық картиналарды үлкен сүйіспеншілікпен жазған. Суретшінің ең танымал туындылары: «Семейдің маңайы» (1950 ж.), «Семейдің даласы» (1959 ж.), «Тракторист К. Әзелханов» портреті (1960 ж.), «Ертіс» (1960 ж.), «Ертіс жағалауының күзгі мотиві» (1960 ж.), «Семей. Қыс» (1960 ж.). Республикалық және одақтық деңгейдегі көрмелерге белсенді қатысқан. 1989 жылы оның жұмыстары Гурзуфта, Коровин атындағы шығармашылық үйінде өткен Ұлы Отан соғысының ардагер суретшілерінің көрмесіне қойылған. 1974 және 1982 жылдары Алматыда жеке мерейтойлық көрмелері, 2002 жылы Невзоровтар отбасының Бейнелеу өнері мұражайында суретшінің мерейтойына арналған (ол қайтыс болғаннан кейінгі) көрмесі өткен. скрыть
Суретшінің жұмыстары