Шегебаев Рахым

1947 ж. т.

Шегебаев Рахым Қарташұлы. Қызылорданың суретшісі, кеңестік және қазақстандық суретші. 1981 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірген, оқуын аяқтағаннан кейін 1992 жылға дейін Қызылорда көркемсурет көрмесінің дирекциясын басқарған. Белгілі жұмыстарының бірі – «Әкемен диалог» Прибалтикадағы Юрмалада жазылған. Жұмыстары Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал, Канада, АҚШ, Португалия, Венгрияда көрмеге қойылған, Қазақстандағы жеке коллекциялар мен мұражайларда сақтаулы. Оның жұмыстарының негізгі тақырыбы – философия және сана, сондықтан оның көптеген еңбектері түркі ойшылы Қорқыт-Ата бейнесіне арналған.

Суретшінің жұмыстары