Чернощеков Григорий Зиновьевич. Кеңестік және қазақстандық суретші, кескіндемеші. КСРО Суретшілер одағының мүшесі. 1926 жылы 21 ақпанда Новосибир облысы, Михайловское ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) бітірді. Григорий Чернощековтің шығармашылығында пейзаж басым, бірақ суретші жанрлық композициялар мен портреттерге де жиі жүгінеді. Белгілі туындылары: «Площадь цветов» (1953), «Тополя. Ветер» (1957), «В парке» (1958), «Перекресток» (1958), «В дождливый день» (1959), «Трио» (1964), «Сентябрь» (1966), «Река Или» (1967) этюдтері (1953), Зейнеткер портреті (1967).