Хамиров Ербол Шалымбетович. Қазақстанның заманауи кескіндемешісі. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1998). Жамбыл облысында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі), Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген. Ербол Хамиров сүйікті жанр ретінде пейзаж жанрын таңдаған. Қазақстанның заманауи суретшілерімен қатар, Қазақстан бейнелеу өнерінде пейзаждық кескіндеме дәстүрін жалғастырушы. Суретші этюд жасау үшін тыныштық мүлгіген далаға, алыс жерлерге барғанды ұнатады. Көптеген көрмелердің қатысушысы. Оның картиналары Қазақстан мен шетелдегі жеке коллекцияларда сақталған. Суретші Алматы қаласында тұрады және жұмыс істейді.