Фон Шлеер Илона. Тбилисиде дүниеге келген. Бала кезінен сурет салу мен тоқуға қызығып, өз бетінше үйренді. Львовтың декоративті-қолданбалы өнер институтын бітірген. Біршама уақыт Батыс Еуропада өмір сүрді. Өзінің картиналарында жүннен жасалған жіптерді, тоқылған фрагменттерді және бояу қабатын біріктірудің өзіндік ерекше техникасын ойлап тапқан.