Уфимцев Виктор
1899 -1964
Уфимцев Виктор Иванович. Кескіндемеші, график, иллюстратор, плакатшы және театр суретшісі. КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Өзбек КСР халық суретшісі (1944). 1899 жылы Оңтүстік Уралдағы Барнеевка селосында дүниеге келген. Балалық шағын Тобыл мен Омбыда өткізген. Омбы коммерциялық училищесінде оқыды (1910-1919). 1917 жылдан бастап Көркемсурет және кескіндеме курстарында, Практикалық білімдер институтында оқыды. 1918 жылы әскери қызметке шақырылып, бастапқыда ақгвардияшылар қатарында, 1919 жылдан бастап Қызыл Әскер қатарында қызмет етті. 1920 жылдан бастап Қызыл Әскер клубында суретші және Қызыл Әскер көркемсурет студиясының лекторы болып жұмыс істеді, РАБИС одағының суретшілер секциясының мүшесі болды, «III Интернационал» агитпароходына... далее
Уфимцев Виктор Иванович. Кескіндемеші, график, иллюстратор, плакатшы және театр суретшісі. КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Өзбек КСР халық суретшісі (1944). 1899 жылы Оңтүстік Уралдағы Барнеевка селосында дүниеге келген. Балалық шағын Тобыл мен Омбыда өткізген. Омбы коммерциялық училищесінде оқыды (1910-1919). 1917 жылдан бастап Көркемсурет және кескіндеме курстарында, Практикалық білімдер институтында оқыды. 1918 жылы әскери қызметке шақырылып, бастапқыда ақгвардияшылар қатарында, 1919 жылдан бастап Қызыл Әскер қатарында қызмет етті. 1920 жылдан бастап Қызыл Әскер клубында суретші және Қызыл Әскер көркемсурет студиясының лекторы болып жұмыс істеді, РАБИС одағының суретшілер секциясының мүшесі болды, «III Интернационал» агитпароходына сапарларға қатысты. Суретші ретінде декорациялар, плакаттар, портреттер және ұрандар жазды. Футуризм және өнердегі басқа да жаңа бағыттарға қызығушылығы болғанымен, көркемдік көзқарасының реалистік негіздерін бұзбады. 1921 жылдан бастап Виктор Уфимцев түрлі көрмелерге, соның ішінде футуристік «Червонная Тройка» көрмесіне қатысты. 1927 жылы Новосибирск, Красноярск, Томск қалаларында өткен 1-ші Бүкілсібір кескіндеме, графика, мүсін және сәулет көрмесіне және 1928 жылғы 1-ші көшпелі Қазақстан көркемсурет көрмесіне қатысты. Жеке көрмелерін Новосибирскіде (1921), Самарқандта (1924; Усто-Муминмен бірге), Омбыда (1926) өткізді. Суретші Ташкентте белсенді түрде көрмелерге қатысқан. Виктор Иванович Уфимцевтің туындыларының көрмелері Мәскеуде (2007, 2009) және Омбыда (2009) өткен. 1933 жылдан бастап Ташкентте тұрақты тұрды. Хамза атындағы театрдың бас суретшісі болып жұмыс істеді (1933-1936). Өзбекстан Суретшілер одағын құруға белсене қатысып, 1933 жылдан бастап ұйымдастыру комитетінің мүшесі, ал 1940 жылдан бастап Өзбекстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Көрмелер мен шығармашылық бригадаларды ұйымдастырумен айналысты. 1950 жылдардың соңында және 1960 жылдардың басында Ауғанстан, Үндістан және Туниске саяхат жасап, нәтижесінде «Ауған күнделігі», «Үндістан жолдарымен», «Тунис» атты гуашь серияларын жазды. Ол өзін өнердің әртүрлі саласында көрсете білді; кескіндемемен, станоктық графикамен, коллажмен, айналысты, самиздаттың поэзиялық жинақтарын «Футуристы – Сборник1-топтамасы», 1921; «Автографы», 1920–1923 ж.ж. безендірді, графикалық күнделіктерді («Кусок жизни», 1920 ж.) жүргізді. Үгіт-насихат өнерімен, атап айтқанда: «Путь второй пятилетки» (1932), «Включайтесь в народную стройку железной дороги» (1930 ж.) деген саяси плакаттармен айналысты. Ол пейзаждарды, портреттерді, натюрморттарды, ал 1930 жылдары тарихи-революциялық тақырыптарға және кеңестік өмір тақырыптарына арналған шығармалар жазды. В. И. Уфимцевтің картиналары, графикасы және театрлық костюмдердің эскиздері Мемлекеттік Третьяков галереясында, Мемлекеттік орыс музейінде, М.А. Врубель атындағы Омбы облыстық бейнелеу өнері музейінде, Ташкенттегі Өзбекстанның Мемлекеттік өнер музейінде, Нүкістегі И. В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан Мемлекеттік өнер музейінде және Ангрен қаласындағы оның атымен аталған көркемсурет галереясында сақталған. скрыть
Суретшінің жұмыстары