Тоғызбаев Тоқболат
1940-1996
Тоғызбаев Тоқболат Төленбайұлы. Қазақстандық суретші, кескіндемеші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1967). Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998). Оңтүстік Қазақстан облысы, Георгиевка ауданы, Оңтүстік ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) М.С. Кенбаев шеберханасында тәмамдады. Алматы қаласында тұрды және жұмыс істеді. 1967 жылдан бастап көрмелерге қатысушы. Тоқболат Тоғызбаевтың жеке шығармашылық жолына түскен кезеңі — 1960-жылдардың соңы — халық өнері заттарының ою-өрнектік символикасының түс-пластикалық заңдылықтарын зерттеу үрдісінің артуымен сәйкес келді. Түс пен форма ритміне негізделген композициялық кеңістіктің күрделі ұйымдастырылуы Тоқболат... далее
Тоғызбаев Тоқболат Төленбайұлы. Қазақстандық суретші, кескіндемеші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1967). Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998). Оңтүстік Қазақстан облысы, Георгиевка ауданы, Оңтүстік ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) М.С. Кенбаев шеберханасында тәмамдады. Алматы қаласында тұрды және жұмыс істеді. 1967 жылдан бастап көрмелерге қатысушы. Тоқболат Тоғызбаевтың жеке шығармашылық жолына түскен кезеңі — 1960-жылдардың соңы — халық өнері заттарының ою-өрнектік символикасының түс-пластикалық заңдылықтарын зерттеу үрдісінің артуымен сәйкес келді. Түс пен форма ритміне негізделген композициялық кеңістіктің күрделі ұйымдастырылуы Тоқболат Тоғызбаев шығармаларының эмоционалдық өткірлігін айқындайды. Суретшінің кескіндемелік полотнолары - станоктық картинаның, монументалды және декоративтік-қолданбалы өнердің артықшылықтарының бірлігі, шығыс және батыс мәдениеттерінің дәстүрлерінің қосындысы. Оның туындылары Қазақстан Республикасы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Астана қаласындағы Қазіргі заманғы өнер музейінде көрсетіледі. скрыть
Суретшінің жұмыстары