Ткаченко Валентин
1927 - 1990
Ткаченко Валентин Яковлевич. 1927 жылы Азов-Қара теңіз аймағы Советское ауданы, Советское станицасында дүниеге келген. 1942 жылы Ткаченко отбасы Алматыға эвакуацияланып келген, суретші осы қалада мектепті бітірді. 1945-1948 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ және Орыс академиялық драма театрының актерлік бөлімінде оқыды. 1953 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме факультетін бітірді. А.М. Черкасский, Л.П. Леонтьев және А.Ф. Подковыров сияқты ұстаздардан білім алды. Оның алғаш танылуына 1958 жылы жазылған «Алматыдағы қысқы күн» пейзажы себеп болды. Оның пейзаждарында суретшінің колористикалық қабілеттері байқалады. Кейінгі жұмыстары тақырыптардың декоративтік шешімін іздестіруін ашып көрсетеді. Суретшінің есімі «XVIII–XXI... далее
Ткаченко Валентин Яковлевич. 1927 жылы Азов-Қара теңіз аймағы Советское ауданы, Советское станицасында дүниеге келген. 1942 жылы Ткаченко отбасы Алматыға эвакуацияланып келген, суретші осы қалада мектепті бітірді. 1945-1948 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ және Орыс академиялық драма театрының актерлік бөлімінде оқыды. 1953 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме факультетін бітірді. А.М. Черкасский, Л.П. Леонтьев және А.Ф. Подковыров сияқты ұстаздардан білім алды. Оның алғаш танылуына 1958 жылы жазылған «Алматыдағы қысқы күн» пейзажы себеп болды. Оның пейзаждарында суретшінің колористикалық қабілеттері байқалады. Кейінгі жұмыстары тақырыптардың декоративтік шешімін іздестіруін ашып көрсетеді. Суретшінің есімі «XVIII–XXI ғғ. Ресей империясы, КСРО, «орыс эмигранттары», Ресей Федерациясы және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының кәсіби суретшілері Тізіліміне» енгізілген. Жұмыстары Қазақстан Республикасы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорында және жеке коллекцияларда сақталған. скрыть
Работы художника