Тимофеев Василий
1943-2018
Тимофеев Василий Васильевич. Қазақстандық график-суретші. Қазақстандағы экслибрис жанрының негізін қалаушылардың бірі, осы графика жанрының шебері. 1974 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. КСРО медальдарымен марапатталған. Новосибирск облысының Татарск қаласында дүниеге келген. 14 жасында Пионерлер үйінің сурет студиясында көркемдік шеберлікке үйрене бастады. 1958 жылы Алматыға көшіп келді. 1963 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) театрлық-декоративтік бөлімін үздік бітірген. Оның дипломдық жұмысы А.П. Бородиннің «Князь Игорь» операсына арналған декорация эскиздері болды, олар линогравюра техникасында орындалды. Гравюра өнері оған училищенің екінші курсында, жас суретші... далее
Тимофеев Василий Васильевич. Қазақстандық график-суретші. Қазақстандағы экслибрис жанрының негізін қалаушылардың бірі, осы графика жанрының шебері. 1974 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. КСРО медальдарымен марапатталған. Новосибирск облысының Татарск қаласында дүниеге келген. 14 жасында Пионерлер үйінің сурет студиясында көркемдік шеберлікке үйрене бастады. 1958 жылы Алматыға көшіп келді. 1963 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) театрлық-декоративтік бөлімін үздік бітірген. Оның дипломдық жұмысы А.П. Бородиннің «Князь Игорь» операсына арналған декорация эскиздері болды, олар линогравюра техникасында орындалды. Гравюра өнері оған училищенің екінші курсында, жас суретші В. Фаворскийдің «эстетика принциптеріне» тереңірек енген кезде жақын болды. 1961 жылы археологиялық экспедиция мүшесі болып, көне Таразды қазуға қатысты. Экспедициядан көптеген этюдтер, суреттер және жанрлық композициялар әкелді, олар суретшінің алғашқы жеке көрмесінде 1961 жылы ұсынылды. 1967 жылдан бастап Қарағандыда өмір сүріп, жұмыс істеді. Осы кезеңнен бастап республикалық, бүкілодақтық және шетелдік көрмелерге тұрақты қатысушы болды. 1971 жылы Балқашқа көшіп, Қазақ КСР Суретшілер одағының және Көркемөнер қорының өндірістік шеберханаларын басқарды. Осы уақыттан бастап Балқаш маңы оның шығармаларының негізгі тақырыбына айналды. 1970 жылдардың соңында ол офорт және құрғақ ине техникасына жүгінеді, бұл техникаларды өзі меңгерді. 1982 жылы Алматыға қайта оралып, Қазақстан Суретшілер одағы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 1998 жылдан бері Мәскеуде тұрды және жұмыс істеді. Шығармалары Татарск қаласының тарихи-өлкетану музейінің, Третьяков галереясының, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көптеген облыстық көркемсурет музейлерінің қорларында сақтаулы. Қазақстанның Өнер академиясының және Халықаралық шығармашылық академиясының академигі. скрыть
Работы художника