Талқамбаев Бахытбек
1949 ж. т.
Талқамбаев Бақытбек Омарұлы. Қазақстандық суретші, сәулетші және дизайнер. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1981). Швейцария университетінің (Луган қаласы) және Әлеуметтік-педагогикалық университеттің (Шымкент қаласы) профессоры. 1949 жылы 5 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қаласында дүниеге келген. 1966 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) «ағаш өнері шебері» мамандығы бойынша бітірген, 1974 жылы Мәскеудің Еңбек Қызыл ту орденді сәулет институтын «сәулетші» мамандығы бойынша, ал 1981 жылы КСРО Суретшілер одағы жанындағы Е. А. Роземблюм атындағы Орталық оқу-эксперименталды дизайн студиясын бітіріп шықты. Көп жылдар бойы Қазақстанның Көркемөнер... далее
Талқамбаев Бақытбек Омарұлы. Қазақстандық суретші, сәулетші және дизайнер. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1981). Швейцария университетінің (Луган қаласы) және Әлеуметтік-педагогикалық университеттің (Шымкент қаласы) профессоры. 1949 жылы 5 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қаласында дүниеге келген. 1966 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) «ағаш өнері шебері» мамандығы бойынша бітірген, 1974 жылы Мәскеудің Еңбек Қызыл ту орденді сәулет институтын «сәулетші» мамандығы бойынша, ал 1981 жылы КСРО Суретшілер одағы жанындағы Е. А. Роземблюм атындағы Орталық оқу-эксперименталды дизайн студиясын бітіріп шықты. Көп жылдар бойы Қазақстанның Көркемөнер қорының филиалы - Шымкент көркемөнер өндірістік шеберханасының бас суретшісі болып жұмыс істеді. Оның қолынан ағаш ою техникасымен жасалған декоративті паннолар, киіз үйге арналған түрлі-түсті тұрмыстық бұйымдар, Шымкент қаласындағы интерьерлер мен ірі ғимараттардың жобалары жасалды. Суретшінің кескіндемелік полотнолары импровизациялық ою-өрнек композицияларын білдіреді. Оның көптеген туындылары серияларға біріктірілген: «Алтын адам туралы аңыз» - «Самұрық», «Шабыт» және «Хауа Ана»(«Мать-земля»); «Бекет-Ата» сериясынан – «Ұран», «Ғарыштық ақыл» және «Намай құс» («Птица Гамаюн»); «Гермес білімдері» - «Қорғаушы», «Нұх кемесі» және «Адам-Ата- Хауа Ана» («Адам и Ева»). скрыть
Работы художника