Тайнов Серик
1967 ж. т.
Тайнов Серік Айтқазыұлы. 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Приозерный ауылында (қазіргі Жаңа Тұғыл ауылы) дүниеге келген. 1980-1984 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) станоктық кескіндеме мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан монументалды кескіндеме мамандығын алып шықты. 2004 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кескіндеме» кафедрасының оқытушысы. 2018 жылы Париждегі Дүниежүзілік Өнер академиясының «MONDIAL ART ACADEMIA» мүшесі атанды. 2019 жылы «Turan» халықаралық сыйлығының лауреаты болды. Жұмыстары Пекин қаласындағы... далее
Тайнов Серік Айтқазыұлы. 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Приозерный ауылында (қазіргі Жаңа Тұғыл ауылы) дүниеге келген. 1980-1984 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) станоктық кескіндеме мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан монументалды кескіндеме мамандығын алып шықты. 2004 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кескіндеме» кафедрасының оқытушысы. 2018 жылы Париждегі Дүниежүзілік Өнер академиясының «MONDIAL ART ACADEMIA» мүшесі атанды. 2019 жылы «Turan» халықаралық сыйлығының лауреаты болды. Жұмыстары Пекин қаласындағы Қытайдың Ұлттық өнер музейінде, Ригадағы «Балтық халықаралық академиясы» музейінде, Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде, Астана қаласындағы Ұлттық музейде, Шымкенттегі заманауи өнер музейінде, Атырау қаласындағы Ш. Сариев атындағы бейнелеу өнері музейінде және әлемнің 40 еліндегі жеке коллекцияларда сақтаулы. скрыть
Суретшінің жұмыстары