Соловьев Николай
1905 -1969
Соловьев Николай Васильевич. Кеңестік және қазақстандық суретші. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы. 1905 жылы Алматы қаласында кіші қызметкердің отбасында дүниеге келген. Әкесі оны жиі тауға апаратын, бұл саяхаттар бірнеше күнге созылатын болған. Табиғат болашақ суретшіге үлкен әсер етті. 1921-1923 жылдары Н.Г. Хлудовтың студиясында оқыды. Кейінірек А.Н. Антонов пен А.С. Пономаревтың жетекшілігіндегі студияда оқыған. Педагогикалық семинарияны, ауылшаруашылық техникумын бітірген. Мемлекеттік радиода және филармонияда солист болған. Соғыс кезінде әскерде қызмет еткен. Алматыға оралғаннан кейін Шекара әскерлері ән-би ансамблінде қызмет етті. Демобилизациядан кейін өзін толықтай кескіндемеге арнады. Николай Соловьев шамамен үш мыңдай жұмысын -Алматы... далее
Соловьев Николай Васильевич. Кеңестік және қазақстандық суретші. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы. 1905 жылы Алматы қаласында кіші қызметкердің отбасында дүниеге келген. Әкесі оны жиі тауға апаратын, бұл саяхаттар бірнеше күнге созылатын болған. Табиғат болашақ суретшіге үлкен әсер етті. 1921-1923 жылдары Н.Г. Хлудовтың студиясында оқыды. Кейінірек А.Н. Антонов пен А.С. Пономаревтың жетекшілігіндегі студияда оқыған. Педагогикалық семинарияны, ауылшаруашылық техникумын бітірген. Мемлекеттік радиода және филармонияда солист болған. Соғыс кезінде әскерде қызмет еткен. Алматыға оралғаннан кейін Шекара әскерлері ән-би ансамблінде қызмет етті. Демобилизациядан кейін өзін толықтай кескіндемеге арнады. Николай Соловьев шамамен үш мыңдай жұмысын -Алматы пейзаждарын қалдырды. Қала мен оның айналасындағы көріністер – Алматы көшелеріндегі маусымдардың ауысуын, құшақ жетпес алып ағаштарды, гүлденген бақтарды, тіпті атаулары жартылай ұмытыла бастаған көшелерді сүйсініп бейнелеу суретшінің еңбектеріне керемет интонация береді. Олар қаланың топонимикасы, географиясы мен тарихын: Артиллериялық, Ажунгар, Дунган көшелері, сондай-ақ көлеңкелі Алмұрт және Шие көшелері, аңызға айналған «Компот» деп аталатын ескі ауданның қайталанбас атмосферасын сақтап қалған. Суретші ескіге құрмет көрсете отырып, сондай-ақ оларға деген қызығушылығын жоғалтпай, жаңа ғимараттарды, құрылыстарды бейнеледі, олар көз алдымызда ландшафтты өзгертіп, бізге үйреншікті қалаға айналдыра бастады. 1951 жылдан бастап Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) оқытушы болып жұмыс істеді. Республикалық, аймақтық, бүкілодақтық көрмелерге қатысты. Оның туындылары Ресей Федерациясы ФСБ-ның Орталық шекара мұражайында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайында және жеке коллекцияларда сақталған. скрыть
Суретшінің жұмыстары