Пахомов Алексей
1900-1973
Пахомов Алексей Фёдорович. Кеңестік, ресейлік суретші-кескіндемеші, график, педагог. КСРО халық суретшісі (1971). КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973 – қайтыс болғаннан кейін) және Екінші дәрежелі Сталин сыйлығының иегері (1946). 1900 жылы Варламово селосында (қазіргі Вологод облысы Харовск ауданы) дүниеге келген. Бала кезінен сурет салуға деген қабілеті байқалған. Жергілікті дворян өкілдердің (Зубовтар әулеті) қолдауымен Кадниковтағы бастауыш училищеге, ал 1915 жылы Петроградтағы барон Александр Людвигович Штиглиц атындағы орталық техникалық сурет училищесіне (қазіргі А. Л. Штиглиц атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркемөнер- өндірістік академиясы) оқуға түскен. Училищеде Николай Андреевич Тырса шеберханасында оқыды, ал әскери қызметтен... далее
Пахомов Алексей Фёдорович. Кеңестік, ресейлік суретші-кескіндемеші, график, педагог. КСРО халық суретшісі (1971). КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973 – қайтыс болғаннан кейін) және Екінші дәрежелі Сталин сыйлығының иегері (1946). 1900 жылы Варламово селосында (қазіргі Вологод облысы Харовск ауданы) дүниеге келген. Бала кезінен сурет салуға деген қабілеті байқалған. Жергілікті дворян өкілдердің (Зубовтар әулеті) қолдауымен Кадниковтағы бастауыш училищеге, ал 1915 жылы Петроградтағы барон Александр Людвигович Штиглиц атындағы орталық техникалық сурет училищесіне (қазіргі А. Л. Штиглиц атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркемөнер- өндірістік академиясы) оқуға түскен. Училищеде Николай Андреевич Тырса шеберханасында оқыды, ал әскери қызметтен кейін Владимир Васильевич Лебедевтің шеберханасына ауысты. Кадников мектебінде сурет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді (1918). 1920–1925 жылдары Петроградтағы ВХУТЕМАС-та оқыды. Оның ұстаздары Александр Иванович Савинов, Сергей Васильевич Чехонин және Василий Иванович Шухаев болды. 1920-жылдардың соңында «Балалар әдебиеті» баспасының көркемдік редакторы болған және оған бірнеше талантты жас суретшілерді тартқан ұстазы Владимир Васильевич Лебедевтің жетекшілігімен кітап графикасымен айналыса бастады. Нәтижесінде Самуил Яковлевич Маршактың «Школьные товарищи» кітабы Алексей Пахомовтың иллюстрациялауымен жарық көрді. Соғысты блокададағы Ленинградта бастан кешірді, «Ленинград в дни блокады» (1942-1944) драмалық литографиялар сериясының авторы. 1942 жылдан бастап И.Е.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтында оқытушы болып жұмыс істеді (1949 жылдан бастап – профессор). Жеке станок графикасы шеберханасын басқарды. Алексей Федорович Пахомов 1973 жылы 14 сәуірде Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) қайтыс болды. скрыть
Работы художника