Пак Борис
1935 - 1992
Пак Борис Петрович. Қазақстандық суретші, мүсінші, график. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1968). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989). 1935 жылы 4 сәуірде Еврей автономиялық облысының Смидович ауданындағы Ин-корейское селосында дүниеге келген. 1985 жылы Г.Х.Андерсеннің «Ертегілер» кітабының иллюстрациясы үшін бүкілодақтық көрмеде екінші дәрежелі диплом алған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің геология-география факультетін бітірген. 1966 жылы Ленинградтағы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтының графика бөлімін тәмамдаған. 1977 жылы Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) аяқтаған. Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқытушы қызметін атқарды. Кітап... далее
Пак Борис Петрович. Қазақстандық суретші, мүсінші, график. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1968). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989). 1935 жылы 4 сәуірде Еврей автономиялық облысының Смидович ауданындағы Ин-корейское селосында дүниеге келген. 1985 жылы Г.Х.Андерсеннің «Ертегілер» кітабының иллюстрациясы үшін бүкілодақтық көрмеде екінші дәрежелі диплом алған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің геология-география факультетін бітірген. 1966 жылы Ленинградтағы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтының графика бөлімін тәмамдаған. 1977 жылы Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) аяқтаған. Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқытушы қызметін атқарды. Кітап және станок графикасымен айналысып, линогравюра техникасында жұмыс істеген. «Лениздат» баспасымен бірлесіп жұмыс істеді, қоғамдық-саяси плакаттардың авторы («Жұмысшы ұяты – ең мықты бақылаушы», 1961). Бүкілодақтық, халықаралық және республикалық көрмелерге белсене қатысқан. Оның жұмыстары Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнер мұражайында, ҚР А.Кастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде, сондай-ақ, Ресейде, АҚШ-та, Кореяда, Германияда жеке коллекцияларда сақталған. скрыть
Суретшінің жұмыстары