Никонов Анатолий
1938 - 2019
Никонов Анатолий Васильевич. Никонов Анатолий Васильевич 1938 жылғы 28 шілдеде Сібірдегі Скородум селосында (Тюмень облысы, Ресей) дүниеге келген. Екатеринбургте өсіп-білім алған. Бастапқы көркемсурет білімін бауыры Алексей Никоновтан алған, ол оны кәсіби көркемдік білім алуға итермеледі. Олар этюдтарға бірге барды, ал олардың бөлмесі ойдан құрастырып алған ортақ өнер шеберханасына айналды. Мектептен кейін Анатолий құрылыс техникумына, содан кейін Бүкілодақтық құрылыс институтына сырттай түсіп, дизайнер, сәулетші және жобалаушы мамандықтарын меңгерді. Ол өз мамандығы бойынша жобалау институтында жұмыс істеді, мұнда альпинистер секциясы жүмыс істейтін, олармен бірге Қазақстан тауларын бағындыруға жиі баратын болды. 1963... далее
Никонов Анатолий Васильевич. Никонов Анатолий Васильевич 1938 жылғы 28 шілдеде Сібірдегі Скородум селосында (Тюмень облысы, Ресей) дүниеге келген. Екатеринбургте өсіп-білім алған. Бастапқы көркемсурет білімін бауыры Алексей Никоновтан алған, ол оны кәсіби көркемдік білім алуға итермеледі. Олар этюдтарға бірге барды, ал олардың бөлмесі ойдан құрастырып алған ортақ өнер шеберханасына айналды. Мектептен кейін Анатолий құрылыс техникумына, содан кейін Бүкілодақтық құрылыс институтына сырттай түсіп, дизайнер, сәулетші және жобалаушы мамандықтарын меңгерді. Ол өз мамандығы бойынша жобалау институтында жұмыс істеді, мұнда альпинистер секциясы жүмыс істейтін, олармен бірге Қазақстан тауларын бағындыруға жиі баратын болды. 1963 жылы Анатолий Васильевич Алматыға келді, ол Алатау шыңдарын бағындыра бастады. Суретші тауға, таулы жердің сұлулығына ғашық болды. Содан бері оның өмірі Қазақстанмен және Алматымен тығыз байланысты. Анатолий Васильевич өзінің досы, альпинист Евгений Беловоль туралы зор ризашылығын білдіреді. Анатолийдің сурет салуға деген құштарлығын байқап, оны жұма студиясына Иван Яковлевич Стадничукке әкелген. Шығармашылық өмір қайнап жатты – студия, қалалық, бүкілодақтық көрмелер. Анатолий Қазақстан Суретшілер одағының жастар секциясында белсенді жұмыс істей бастады. Кәсіби көркемдік білімнің жоқтығы оны үнемі Алматы педагогикалық университетіне жетеледі. Сонымен қатар ол Стадничуктің студиясында оқыды. «Қазводоканалпроектте» сәулетші-дизайнер болып жүргенде ол қызметкерлердің балаларына арналған көркемсурет студиясын ашты. Көркемөнер-графика факультетін бітіргеннен кейін №38 және №9 орта мектептерде, одан кейін Алматы құрылыс және басқару колледжі мен сәулет-құрылыс колледжінде сабақ берді. скрыть
Суретшінің жұмыстары