Назыров Загрутдин
1909 - 1989
Назыров Загрутдин Сагадаевич. Кескіндемеші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1939). Қазақстан Суретшілер одағының алғашқы ұйымдастырушыларының бірі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол 1909 жылғы 15 қарашада Өскемен қаласында татар отбасында дүниеге келген. 1930 жылы Омбы көркемсурет-өнеркәсіп техникумын бітіріп, сурет пәнінің мұғалімі мамандығын алды. 1936-1939 жылдары Мәскеу бейнелеу өнері институтының театр суретшілері бөлімі жанындағы біліктілікті арттыру курстарына қатысқан. Оның ұстаздары А.В. Лентулов және Б.В. Иогансон болды. 1933 жылдан бастап Алматы қаласында тұрды және жыл сайын көрмелерге қатысып отырды. Ол Қазақстан тарихи мұражайының суретшісі, Ұйғыр театрының бас суретшісі және Алматы педагогикалық училищесінің... далее
Назыров Загрутдин Сагадаевич. Кескіндемеші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1939). Қазақстан Суретшілер одағының алғашқы ұйымдастырушыларының бірі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол 1909 жылғы 15 қарашада Өскемен қаласында татар отбасында дүниеге келген. 1930 жылы Омбы көркемсурет-өнеркәсіп техникумын бітіріп, сурет пәнінің мұғалімі мамандығын алды. 1936-1939 жылдары Мәскеу бейнелеу өнері институтының театр суретшілері бөлімі жанындағы біліктілікті арттыру курстарына қатысқан. Оның ұстаздары А.В. Лентулов және Б.В. Иогансон болды. 1933 жылдан бастап Алматы қаласында тұрды және жыл сайын көрмелерге қатысып отырды. Ол Қазақстан тарихи мұражайының суретшісі, Ұйғыр театрының бас суретшісі және Алматы педагогикалық училищесінің оқытушысы болды. Қазақстан тарихи мұражайында суретші болып, көптеген ұйымдастыру жұмыстарын атқарды, сонымен қатар Пионерлер үйінде ұстаздық қызметпен айналысты. 1939 жылы ұйғыр театрының бас суретшісі болып жұмыс істеп, Алматыдағы педагогикалық училищеде сабақ берді. «Аршин-Мал-Алан» пьесасында жұмыс істеді, ұйғырлардың «Манан» пьесасының эскиздерін жасады. Назыров 1941-1953 жылдары Алматы киностудиясында жұмыс істеп, «Сын бойца», «Девушка из аула» және т.б. фильмдердің қоюшы-суретшісі болды. Назыров Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі көптеген клубтарды, Ұзынағаштағы Жамбыл Жабаев мұражайын безендірді. Ең атақты шығармалары: «Цветущие яблони» (1961), «Урочище Кызыл-Кум». Суретшілер Әубәкір Исмаилов және Хайдар Рахимовпен бірге 1922 жылы «Рабочие Риддера у В. И. Ленина» картинасын жазды. Оның елеулі еңбектерінің бірі – Республикалық Ғылым академиясы геологиялық мұражайының тапсырысы бойынша яшмадан жасалған Қазақ КСР-інің гербі. Назыровтың картиналары Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында және Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында және Қазақстанның басқа да мұражайларында сақталған. скрыть
Работы художника