Мусин Мурат
1957 ж. т.
Мусин Мұрат Даниярұлы. Заманауи суретші-кескіндемеші, деректі фильмдер режиссері, педагог. Қазақстан Суретшілер одағының және КСРО мен Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1991 ж.). 1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. 1989 жылы ВГИК-ті бітіріп, суретшілер факультетінде және режиссер Сергей Соловьевтің эксперименталды шеберханасында дәріс алды. Суретші ретінде Рашид Нұғмановтың «Ине» (1988 ж.) фильмімен, ал режиссер ретінде «Аяқталмаған портрет» (1990 ж.) деректі фильмімен дебют жасады. Мұрат Мусин қоюшы-суретші ретінде 10-нан астам фильмде, ал режиссер ретінде 10-нан астам деректі фильмде жұмыс істеген. Қазақ киносының «Жаңа толқыны» қатысушыларының бірі. 1979 жылдан бастап көрмелерге... далее
Мусин Мұрат Даниярұлы. Заманауи суретші-кескіндемеші, деректі фильмдер режиссері, педагог. Қазақстан Суретшілер одағының және КСРО мен Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1991 ж.). 1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. 1989 жылы ВГИК-ті бітіріп, суретшілер факультетінде және режиссер Сергей Соловьевтің эксперименталды шеберханасында дәріс алды. Суретші ретінде Рашид Нұғмановтың «Ине» (1988 ж.) фильмімен, ал режиссер ретінде «Аяқталмаған портрет» (1990 ж.) деректі фильмімен дебют жасады. Мұрат Мусин қоюшы-суретші ретінде 10-нан астам фильмде, ал режиссер ретінде 10-нан астам деректі фильмде жұмыс істеген. Қазақ киносының «Жаңа толқыны» қатысушыларының бірі. 1979 жылдан бастап көрмелерге қатысады. 15-тен астам республикалық көрме мен 4 жеке көрменің қатысушысы. Қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрады және жұмыс істейді. 1979-1980 жылдары Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында кескіндеме, өнер тарихы, композиция пәндерінен сабақ берді. 2017-2018 жылдары Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында (ҚазБСҚА) сурет және мүсін пәнінің оқытушысы болды. Сондай-ақ, мамандандырылған көркем гимназияда кескіндеме, сурет, композиция пәндерінен сабақ берді. скрыть
Работы художника