Көмеков Марат. Қазіргі заманғы қазақстандық кескіндемеші. Үлкен суретшілер отбасынан шыққан. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтік-қолданбалы өнер колледжі) және Жүргенов атындағы институтты бітірген. Марат жеті жыл кинематография саласында жұмыс істеп, кейіннен таза өнерге қайта оралды.