Квачко Иван
1926-2004
Квачко Иван Егорович. Кескіндемеші-суретші, график. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957 ж.). Отан соғысы орденімен және «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Ақмола облысы Еркешілік ауданының Ново-Марковка ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтік-қолданбалы өнер колледжі) бітірген, Подковыров, Черкасский және Леонтьев шеберханаларында оқыған. 1953 жылдан бастап Алматы қаласында тұрды және жұмыс істеді. 1954 жылдан көрмелерге қатысушы. 1956-1957 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. Иван Квачко ең күрделі техникалардың бірі — гуашьты шебер меңгерген суретші. Кеңес... далее
Квачко Иван Егорович. Кескіндемеші-суретші, график. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957 ж.). Отан соғысы орденімен және «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Ақмола облысы Еркешілік ауданының Ново-Марковка ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтік-қолданбалы өнер колледжі) бітірген, Подковыров, Черкасский және Леонтьев шеберханаларында оқыған. 1953 жылдан бастап Алматы қаласында тұрды және жұмыс істеді. 1954 жылдан көрмелерге қатысушы. 1956-1957 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. Иван Квачко ең күрделі техникалардың бірі — гуашьты шебер меңгерген суретші. Кеңес дәуірінде гуашь «плакаттарға арналған бояу» деп аталды және бұл әдіс басқаша қабылданбады. Ал, Иван Квачко онымен суреттер салып, нағыз шедеврлер жасады. Табиғаттың сұлулығы мен ұлылығын қағаз бетіне түсіру үшін әуезді сызықтар мен нәзік түстік өтулерді пайдаланып, шынайы шедеврлер жасаған. Оның туындылары Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы мен шетелдегі жеке коллекциялардың қорларында сақталған. скрыть
Суретшінің жұмыстары