Зальцман Павел
1912-1985
Зальцман Павел Яковлевич. Кеңестік суретші, график, жазушы. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1962). Кишиневте дүниеге келген. 1929 жылы Ленинградтағы 1-ші кеңестік орта мектептің соңғы үш сыныбын аяқтағаннан кейін, Ленинградтағы «Резец», «Перелом», «Стройка», «Юный пролетарий» журналдарында иллюстратор болып жұмыс істеді (1931-1932 жж.). 1928 жылдан бастап «Белгоскино» киностудиясында А.А. Арапов пен В. Егоровтың жанында тәжірибеден өтті. 1929 жылы П. Н. Филоновпен танысып, оның ізбасары және «Аналитикалық өнер шеберлері» тобының (МАИ – Филонов мектебі) мүшесі болды. Сонымен қатар, ЛОССХ-қа (КСРО Суретшілер одағының Ленинград бөлімшесі, 1932) мүше болып кірді, бірақ соғыстан кейін мүшелігін... далее
Зальцман Павел Яковлевич. Кеңестік суретші, график, жазушы. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1962). Кишиневте дүниеге келген. 1929 жылы Ленинградтағы 1-ші кеңестік орта мектептің соңғы үш сыныбын аяқтағаннан кейін, Ленинградтағы «Резец», «Перелом», «Стройка», «Юный пролетарий» журналдарында иллюстратор болып жұмыс істеді (1931-1932 жж.). 1928 жылдан бастап «Белгоскино» киностудиясында А.А. Арапов пен В. Егоровтың жанында тәжірибеден өтті. 1929 жылы П. Н. Филоновпен танысып, оның ізбасары және «Аналитикалық өнер шеберлері» тобының (МАИ – Филонов мектебі) мүшесі болды. Сонымен қатар, ЛОССХ-қа (КСРО Суретшілер одағының Ленинград бөлімшесі, 1932) мүше болып кірді, бірақ соғыстан кейін мүшелігін қайта жаңартпады. 1932-1933 жылдары П.Н. Филоновтың басқа шәкірттерімен бірге дәстүрлі фин эпосы «Калевала» үшін иллюстрациялар дайындауға қатысты. 1930 жылдан бастап «Ленфильмде» П. Бетаки мен Ф. Бернштамның ассистенті болып жұмыс істеді, 1931-1941 жылдары фильмдердің қоюшы суретшісі болды. 1932-1939 жылдары Уралға, Памирге, Карелияға, Забайкальеге, Орта Азияға жасалған киноэкспедицияларға қатысты. 1942 жылы 27 шілдеде «Ленфильммен» бірге Алматыға эвакуацияланды. Ш. Аймановтың «Белая роза» (1943), «Дочь степей», «Поэма о любви», «Перекрёсток», «Золотой рог» (1948), П. Боголюбовтың «Ботагөз», «Девушка-джигит» (1955) және басқа да картиналарының қоюшы суретшісі болды. 1948 жылдан бастап Алматыдағы көркемсурет училищесінде, Архитектура академиясында, педагогикалық институтта, ҚазҰУ-дың филология факультетінде және «Қазақфильм» киностудиясындағы сценарлық курстарда өнер тарихынан сабақ берді. 1957 жылдан бастап кинематографистер одағының, 1967 жылдан бастап Қазақ КСР Суретшілер одағының мүшесі болды. Зальцманның графикасы мен кескіндемесі Мемлекеттік Орыс музейінде, Третьяков галереясында, А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері музейі , Шығыс халықтары өнері музейінде, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде, Қазіргі заманғы өнер музейінде (Астана) және жеке коллекцияларда сақтаулы. скрыть
Работы художника