Жамхан Айдар
1978 ж. т.
Жамхан Айдар Жамханұлы. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (2003 ж. бастап). 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Жастар бірлестігінің мүшесі. 1988 жылы Алматыдағы Республикалық көркемсурет колледжіне оқуға түсіп, оны 1996 жылы кескіндеме мамандығы бойынша аяқтады. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік өнер академиясына «Монументальды кескіндеме» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2000 жылы кескіндемеші мамандығы бойынша тәмамдады. Дипломдық жұмысы – «Аңырақай шайқасы». 2000-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да кескіндеме магистрі дәрежесін алды. 2002-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның аспирантурасында «Қазақстан бейнелеу өнеріндегі батальдық жанрдың дамуы» тақырыбында диссертация жазды. 2000-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық... далее
Жамхан Айдар Жамханұлы. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (2003 ж. бастап). 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Жастар бірлестігінің мүшесі. 1988 жылы Алматыдағы Республикалық көркемсурет колледжіне оқуға түсіп, оны 1996 жылы кескіндеме мамандығы бойынша аяқтады. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік өнер академиясына «Монументальды кескіндеме» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2000 жылы кескіндемеші мамандығы бойынша тәмамдады. Дипломдық жұмысы – «Аңырақай шайқасы». 2000-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да кескіндеме магистрі дәрежесін алды. 2002-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның аспирантурасында «Қазақстан бейнелеу өнеріндегі батальдық жанрдың дамуы» тақырыбында диссертация жазды. 2000-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме» кафедрасында «Монументальды кескіндеме» мамандығы бойынша оқытушылық қызмет атқарды. 2000-2006 жылдары монументалист суретшілер тобының құрамында Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Петропавл қалаларындағы орталық мешіттердің, сондай-ақ Нұр-Астана мешіті мен Астанадағы Шұбары мешітінің интерьерлерін көркемдеу жұмыстарына белсенді қатысты. 1997 жылдан бастап көрмелік қызметке қатысып келеді. 1998 жылы Лиссабон, Португалияда өткен Дүниежүзілік «ҚазЭКСПО» (Океан-98) халықаралық көрмесінің дипломанты. 1997-2000 жылдары Алматы қаласында өткізілген Қазақстанның жас суретшілерінің жыл сайынғы «Жігер» фестивалінің қатысушысы және дипломанты. 2000-2004 жылдары Астана қаласында өткен шығармашыл жастардың жыл сайынғы «Шабыт» фестивалінің қатысушысы және дипломанты. Сондай-ақ басқа да көптеген халықаралық және республикалық көрмелерге қатысты. Суретшінің картиналары Қазақстан президентінің резиденциясы «Ақ ордада», Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында және Қазақстан, Ресей, Португалия, Испания, Франция және басқа елдердегі жеке коллекцияларда сақталған. скрыть
Суретшінің жұмыстары