Григорьянц Константин

1877-1955

Григорьянц Константин Георгиевич. Өзбек кескіндемешісі, пейзажист. 1876 жылы Хасав-Юртта (Солтүстік Кавказ) туған. 1896-1900 жылдары Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде, 1897-1898 жылдары Строганов училищесінде, 1914 жылы Мәскеудегі К.Ф. Юон мен И.О. Дудинаның студия-мектебінде білім алды. 1910 жылдан бастап Мәскеу өнер сүйер қауымының (МОЛХ) көрмелеріне қатысты. Елеулі көрмелер: «Бүкілодақтық өнер көрмесі», Мәскеу, 1946 жыл. 1920-жылдары «АХРР» (Революциялық Ресей суретшілерінің ассоциациясы) қоғамының мүшесі болды. 1902-1916 жылдары Владикавказ (Солтүстік Осетия), 1916-1929 жылдары Краснодар, 1929-1933 жылдары Алматы қалаларында тұрған және жұмыс істеді. 1933 жылдан бастап Ташкентте, Өзбекстанда өмір сүрді. 1938-1954 жылдар аралығында Ташкентте топтық көрмелер... далее

Работы художника