Гинзбург Нина
1922-2019
Гинзбург (Ермакова) Нина Ивановна (Иогановна). Кескіндемеші. Днепропетровск қаласында (Украина) туған. 1940 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түскен. Мәскеу мемлекеттік университеті эвакуацияланғаннан кейін Мәскеуде қалған Станкоинструментальды институтына ауысқан. 1945 жылы 3 жылға сотталып, еңбекпен түзеу лагерінде болды. Рақымшылықпен 9 айдан кейін босап шықты, үлкен қалаларда тұруға тыйым салынды, ол Горький қаласының (қазіргі Нижний Новгород) қарсы бетіндегі Бор кентінде тұрды. Горький атындағы политехникалық институтында оқыды. Ол 1946 жылы сол кезде Горький университетінде қосымша жұмысы ретінде дәріс оқып жүрген болашақ күйеуі, физика саласынан Нобель сыйлығының лауреаты (2003), мәскеулік профессор В.Л.... далее
Гинзбург (Ермакова) Нина Ивановна (Иогановна). Кескіндемеші. Днепропетровск қаласында (Украина) туған. 1940 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түскен. Мәскеу мемлекеттік университеті эвакуацияланғаннан кейін Мәскеуде қалған Станкоинструментальды институтына ауысқан. 1945 жылы 3 жылға сотталып, еңбекпен түзеу лагерінде болды. Рақымшылықпен 9 айдан кейін босап шықты, үлкен қалаларда тұруға тыйым салынды, ол Горький қаласының (қазіргі Нижний Новгород) қарсы бетіндегі Бор кентінде тұрды. Горький атындағы политехникалық институтында оқыды. Ол 1946 жылы сол кезде Горький университетінде қосымша жұмысы ретінде дәріс оқып жүрген болашақ күйеуі, физика саласынан Нобель сыйлығының лауреаты (2003), мәскеулік профессор В.Л. Гинзбургпен танысқан. 1951 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) бітірген. А.Черкасский, Л.Леонтьев, Н.Крутильниковтың шәкірті болған. 1970 жылдан бастап Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Реализм стилінде жұмыс істеген. Портреттер, табиғат пен қаланың ғажап пейзаждарын жазған. Оның шығармашылығындағы маңызды жанрлардың бірі - натюрморт. Керемет гүл шоғыры өзінің әсемдігімен таң қалдырса, қарапайым гүлдер нәзік сұлулығымен баурап алады, ал қағаз бетіне түскен жемістер мен көкөністерді көрген бойда ауызға сала салғың келетіндей етіп түсірген. Сюжеттері қарапайым әрі түсінікті, жеңіл жағылған қанық түстермен берілген. Нина Ивановна осы әлемнің сұлулығын өз көзқарасымен көрсету шеберлігі арқылы келушілердің назарын баурайды. Нина Ивановна көптеген көрмелерге, соның ішінде бүкілодақтық, аймақтық, республикалық, сондай-ақ жеке көрмелерге қатысқан. Суретшінің жұмыстары А. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Солтүстік Қазақстан облысының мұражайында, еліміздегі және шетелдік жеке коллекцияларда сақталған. скрыть
Работы художника