Гадеева Таира
1926-2000
Гадеева Таира Салиховна. Қазақстандық суретші. 1926 жылғы 25 маусымда Үрімші қаласында дүниеге келген, ұлты татар. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) театралдық-декорациялық бөлімін 1949 жылы аяқтап, сонымен бір мезгілде Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін сырттай бітірген. А.Бортников, А.Подковыров, В.Голубович сынды ұстаздардан тәлім алған. 1959 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастады. Біршама уақыт Абай атындағы опера және балет театрында суретші-декоратор болып жұмыс істеді. Алматы көркемсурет училищесінде оқытушы болды. Соңғы уақытта станоктық кескіндемемен айналысты. Оның «Ана ойлары» және «Егер бүкіл әлем жігіттері» (1963) жұмыстары қызықты. Гадеева... далее
Гадеева Таира Салиховна. Қазақстандық суретші. 1926 жылғы 25 маусымда Үрімші қаласында дүниеге келген, ұлты татар. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) театралдық-декорациялық бөлімін 1949 жылы аяқтап, сонымен бір мезгілде Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін сырттай бітірген. А.Бортников, А.Подковыров, В.Голубович сынды ұстаздардан тәлім алған. 1959 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастады. Біршама уақыт Абай атындағы опера және балет театрында суретші-декоратор болып жұмыс істеді. Алматы көркемсурет училищесінде оқытушы болды. Соңғы уақытта станоктық кескіндемемен айналысты. Оның «Ана ойлары» және «Егер бүкіл әлем жігіттері» (1963) жұмыстары қызықты. Гадеева Таира Салиховна танымал суретші Молдабеков Айтымбайдың әйелі. Олар шығармашылық ортада екі баласын тәрбиелеп, 50 жыл бірге өмір сүрді. 1971 жылы ол КСРО суретшілер одағына қайтадан қабылданды. Ең танымал жұмыстары: «Егер бүкіл әлем жігіттері» (1962), «Молдағұлова портреті» (1965), «Ғани Мұратбаев балалармен» (1966), «Ақ ирис» (1966). скрыть
Работы художника