Ворохобин Владимир
1923-1989
Ворохобин Владимир Кузьмич. Кеңестік және қазақстандық суретші-кескіндемеші, Ұлы Отан соғысының ардагері.1975 жылдан бастап КСРО СО мүшесі. Владимир Ворохобин 1923 жылы Украинада дүниеге келген. Бір жылдан кейін Киев балалар үйіне түсті. Жеті жылдық мектепті аяқтаған соң Днепропетровск көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, соғысқа дейін оқыды. Соңғы курста оқуын аяқтамай соғысқа ерікті болып аттанды, жаяу әскер училищесін аяқтады. Ұлы Отан соғысы орденімен және КСРО медальдарымен марапатталды. 1944 жылы екі аяғынан жарақат алып, бір тәулікке жуық соғыс алаңында жатты. Оны жергілікті тұрғындар тауып алды, оккупацияланған қаладағы үйлердің бірінің жертөлесінде хирург ампутация жасап,... далее
Ворохобин Владимир Кузьмич. Кеңестік және қазақстандық суретші-кескіндемеші, Ұлы Отан соғысының ардагері.1975 жылдан бастап КСРО СО мүшесі. Владимир Ворохобин 1923 жылы Украинада дүниеге келген. Бір жылдан кейін Киев балалар үйіне түсті. Жеті жылдық мектепті аяқтаған соң Днепропетровск көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, соғысқа дейін оқыды. Соңғы курста оқуын аяқтамай соғысқа ерікті болып аттанды, жаяу әскер училищесін аяқтады. Ұлы Отан соғысы орденімен және КСРО медальдарымен марапатталды. 1944 жылы екі аяғынан жарақат алып, бір тәулікке жуық соғыс алаңында жатты. Оны жергілікті тұрғындар тауып алды, оккупацияланған қаладағы үйлердің бірінің жертөлесінде хирург ампутация жасап, екі аяғын кесіп тастады. Мұндай сынақтарға қарамастан, Владимир Ворохобин жігерін жасытпады. Агитбригадада жұмыс істеп, плакаттар мен парақшалар (листовка) салды. 1947 жылы Сараньға көшіп келіп, алдымен балаларға сурет салуды үйретті, кейін Қарағанды өнер қорының суретші-декораторы болып жұмыс істеді. Владимир Ворохобин Қазақстан бейнелеу өнерін құруға қатысқан реалистік бағыттағы суретші. Оның жұмыстары шахтер аймағының индустриалдық қалыптасуын көрсетеді, соғыстың шындығын және келбетін бейнелейді. Сонымен қатар, суретшіге лирикалық пейзаждар да жат емес. Суретші «Тірі болсам, бұл жерді бейнелеуден, кез келген сұлулық көрінісіне таңданудан ешқашан бас тартпаймын», – деген. скрыть
Работы художника