Великанова Регина
1894-1972
Великанова Регина Васильевна. Кеңестік суретші және график, Ленинград Кеңестік суретшілер одағы мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Ленинград кескіндеме мектебінің өкілі. 1894 жылы Луганскіде туған. Отбасы Петербургке көшкеннен кейін, 1912-1917 жылдары Өнерді қолдау қоғамының сурет мектебінде (ОПХ) білім алды. 1920 жылы Петроград мемлекеттік еркін өнер шеберханаларына оқуға түсіп, В.Е. Санинский, В.Н. Мешков, О.Э. Браз, К.С. Петров-Водкин сынды ұстаздардан тәлім алды. 1920-1924 жылдары Бүкіл Ресей академиясында К.Петров-Водкин, А.Рылов жетекшілігімен оқыды. 1925 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастады. Қалалық және ландшафттық пейзаждар, портреттер мен жанрлық композициялар жазды. 1920-жылдардың екінші жартысында «Кескіндемелік-пластикалық реализм тобы» ұжымына... далее
Великанова Регина Васильевна. Кеңестік суретші және график, Ленинград Кеңестік суретшілер одағы мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Ленинград кескіндеме мектебінің өкілі. 1894 жылы Луганскіде туған. Отбасы Петербургке көшкеннен кейін, 1912-1917 жылдары Өнерді қолдау қоғамының сурет мектебінде (ОПХ) білім алды. 1920 жылы Петроград мемлекеттік еркін өнер шеберханаларына оқуға түсіп, В.Е. Санинский, В.Н. Мешков, О.Э. Браз, К.С. Петров-Водкин сынды ұстаздардан тәлім алды. 1920-1924 жылдары Бүкіл Ресей академиясында К.Петров-Водкин, А.Рылов жетекшілігімен оқыды. 1925 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастады. Қалалық және ландшафттық пейзаждар, портреттер мен жанрлық композициялар жазды. 1920-жылдардың екінші жартысында «Кескіндемелік-пластикалық реализм тобы» ұжымына қосылып, оның негізгі мүшесі болды. 1920 жылдардың екінші жартысында ол В.Ермолаеваның айналасында құрылған «Кескіндемелік-пластикалық реализм тобы» ұжымына қосылды, оның негізі ұйытқылары – Гинхуктың (Мемлекеттік көркем мәдениет институты) бұрынғы қызметкерлері К.И.Рождественский, Л.А.Юдин, В.В.Стерлигов, М.В.Эндер болды. 1932 жылы Ленинград облыстық кеңестік суретшілер одағы құрылғаннан кейін оған мүше болып кірді. 1935 жылы Орыс мұражайындағы Ленинград суретшілерінің Алғашқы көрмесіне қатысты. Журналдар мен кітап баспаларымен балаларға арналған кітаптардың иллюстраторы ретінде ынтымақтастықта болды, литографиямен айналысты. Ұлы Отан соғысы басталғанда, Ленинград блокадасында қалып, 1941-1942 жылдардың ең сұрапыл қысын бастан кешірді. 1942 жылдың наурызында анасымен және ағасымен бірге мұзды Ладога көлімен Тихвин, Ярославль, Новосибирск арқылы Қазақстанға эвакуацияланды. Соғыстан кейін отбасы Қазақстанда қалып, өз өмірлерін осы елмен байланыстырды. Р. Великанова Қазақ КСР суретшілер одағының мүшесі болды. «Казгослитиздат» баспасында суретші болып жұмыс істеді, қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін, балалар әдебиеті шығармаларын иллюстрациялады. Негізінен акварель бояуларын, кейде гуашь, графикалық суреттерде қарындаш қолданды, сондай-ақ автолитографиялар да бар. Графика және кескіндемемен айналысты. Ол қала және ландшафт пейзаждарын, портреттерді жазды. Регина Великанованың жұмыстары негізінен Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі көріністерді бейнелеген пейзаждарына арналды. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында Великанова Регина Васильевнаның жеке қоры сақтаулы, онда суретшінің акварель суреттері, этюдтері, эскиздері мен нобайлары, иллюстрациялары, сондай-ақ өмірбаяндық құжаттары – суреттер, күнделік жазбалары, достары мен жақындарынан, оның ішінде В. Воинов, В. Стерлигов, Т. Глебова, Е. Ковтун, О. Клевер, С. Батурина және басқалардан келген хаттар бар. Сондай-ақ, мұрағатта Е. Ф. Ковтунның өтініш бойынша жазған В. Ермолаева мен К. Малевич туралы естеліктерінің қолжазбалары сақталған. скрыть
Суретшінің жұмыстары