Ведерников Максим
1972 ж. т.
Ведерников Максим Владимирович. Заманауи қазақстандық суретші. 1972 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Н.В.Гоголь атындағы Көркемсурет училищесіне (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) оқуға түсті. Педагогикалық бөлімде Ғани Баяновтың жетекшілігімен білім алды. 2002-2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Жұманов, Қыстаубаев және Тілеужанов сынды ұстаздарынан дәріс алды. Көптеген көрмелерге қатысты, екі рет жеке көрме ұйымдастырды. Суретші өз шығармаларында Алматы қаласының сұлулығы мен түрлі жай-күйін бейнелейді. Максим Ведерниковтің жұмыстары Қазақстан, АҚШ, Австрия, Швеция, Жапония, Ресейдегі жеке коллекцияларда сақтаулы. Суретшінің картиналары Алматыдағы ҚР Президенті сарайының... далее
Ведерников Максим Владимирович. Заманауи қазақстандық суретші. 1972 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Н.В.Гоголь атындағы Көркемсурет училищесіне (қазіргі Орал Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) оқуға түсті. Педагогикалық бөлімде Ғани Баяновтың жетекшілігімен білім алды. 2002-2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Жұманов, Қыстаубаев және Тілеужанов сынды ұстаздарынан дәріс алды. Көптеген көрмелерге қатысты, екі рет жеке көрме ұйымдастырды. Суретші өз шығармаларында Алматы қаласының сұлулығы мен түрлі жай-күйін бейнелейді. Максим Ведерниковтің жұмыстары Қазақстан, АҚШ, Австрия, Швеция, Жапония, Ресейдегі жеке коллекцияларда сақтаулы. Суретшінің картиналары Алматыдағы ҚР Президенті сарайының фойесін безендіріп тұр. скрыть
Суретшінің жұмыстары