Бондаренко Иван
1928-1994
Бондаренко Иван. Кескіндемеші. Сюжетсіз кескіндеме - пейзаж, портрет, натюрморт, жалаңаш натура және сирек кездесетін ауқымды панорамалық жанр шебері. КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Алтай өлкесінің Безголосово атты сібірлік ауылында шаруа әулетінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1952 жылы демобилизациядан соң Алматыға келеді. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) (1952-1957) тәмамдаған. А.М. Черкасский, Л.П. Леонтьев, С.А. Мамбеев, К. Шаяхметов, П.Я. Зальцманнан дәріс алған. Қазақстанның ұлттық көркемөнер мектебінің дамуына баға жетпес үлес қосқан жарқын 60-жылдардағы суретшілер қатарында. Суретшінің эмоциялық және түстік артықшылықтары Күміс ғасыр... далее
Бондаренко Иван. Кескіндемеші. Сюжетсіз кескіндеме - пейзаж, портрет, натюрморт, жалаңаш натура және сирек кездесетін ауқымды панорамалық жанр шебері. КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Алтай өлкесінің Безголосово атты сібірлік ауылында шаруа әулетінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1952 жылы демобилизациядан соң Алматыға келеді. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) (1952-1957) тәмамдаған. А.М. Черкасский, Л.П. Леонтьев, С.А. Мамбеев, К. Шаяхметов, П.Я. Зальцманнан дәріс алған. Қазақстанның ұлттық көркемөнер мектебінің дамуына баға жетпес үлес қосқан жарқын 60-жылдардағы суретшілер қатарында. Суретшінің эмоциялық және түстік артықшылықтары Күміс ғасыр дәстүрлеріне – Борисов-Мусатов, Сомовқа негізделген. Натурамен жұмыс істеуді ұнататын, көбінесе бір дегенде, тоқтаусыз – орнынан тапжылжымай бір отырыста жұмыс істеген. Оның шығармашылығында Қырым пейзаждары үлкен орын алады, оларды Гурзуфтағы Суретшілер одағының шығармашылық базасына саяхаттаған кезінде жазған. Шығармашылық қызметінің соңына қарай суретшіні натюрморттар шабыттандырды. Ол ирис, пион, раушан гүлдерін бір деммен, бір күнде жазып, гүлдердің жеңілдігі мен сұлулығын бейнеледі. скрыть
Суретшінің жұмыстары