Бенуа Альберт
1852-1936
Альберт Николаевич Бенуа – орыс суретшісі, сәулетші, Императорлық көркемсурет академиясының академигі және толық мүшесі. Ол орыс сәулетшісі, Императорлық өнер академиясының академигі және сәулет профессоры, Петергофтың бас сәулетшісі Николай Леонтьевич Бенуаның ұлы. 1871-1877 жылдары Императорлық өнер академиясының сәулет бөлімінде оқыған. Сол уақытта Л.О. Премаццидің жетекшілігімен акварельмен жұмыс істеуді үйренген. 1876 жылы «Университет жобасы» бағдарламасы үшін үлкен көтермелеу медалі мен шағын алтын медальға ие болды. 1877 жылы Академиядан 1-дәрежелі класс суретші- сәулетші атағын алып шықты. Императорлық өнер академиясын бітіргеннен кейін акварельдік кескіндемемен айналысты. 1883-1885 жылдары акварель техникасын жетілдіру мақсатында Италия, Франция,... далее
Альберт Николаевич Бенуа – орыс суретшісі, сәулетші, Императорлық көркемсурет академиясының академигі және толық мүшесі. Ол орыс сәулетшісі, Императорлық өнер академиясының академигі және сәулет профессоры, Петергофтың бас сәулетшісі Николай Леонтьевич Бенуаның ұлы. 1871-1877 жылдары Императорлық өнер академиясының сәулет бөлімінде оқыған. Сол уақытта Л.О. Премаццидің жетекшілігімен акварельмен жұмыс істеуді үйренген. 1876 жылы «Университет жобасы» бағдарламасы үшін үлкен көтермелеу медалі мен шағын алтын медальға ие болды. 1877 жылы Академиядан 1-дәрежелі класс суретші- сәулетші атағын алып шықты. Императорлық өнер академиясын бітіргеннен кейін акварельдік кескіндемемен айналысты. 1883-1885 жылдары акварель техникасын жетілдіру мақсатында Италия, Франция, Испанияға саяхат жасады. 1884 жылы «Балье деген жерде», «Сан-Ремо қаласы» және басқа акварельдері үшін академик атағына ие болды. Петербургке оралғаннан кейін Императорлық өнер академиясында акварельден сабақ беретін оқытушы қызметіне тағайындалды. 1880 жылы Орыс акварелистері қоғамының негізін қалаушылардың бірі болды, 1887-1897 жылдары Қоғамның басқарма мүшесі, 1897-1918 жылдары Құрметті мүшесі болды. Санкт-Петербургте (1903, 1909, 1915) және Киевте (1904, 1909) жеке көрмелерін өткізген. 1895 жылдан бастап Император Александр III-ші атындағы Ресей мұражайының сақтаушысы болған. 1924 жылы Парижге эмиграциялап, 1926 жылы Париж бейнелеу өнері академиясының мүшесі болып сайланған. скрыть
Работы художника