Баринова Татьяна Игоревна 1971 жылғы 13 наурызда Қостанай қаласында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Майлы бояу техникасымен жұмыс істейді, сүйікті жанры – натюрморт. 1994 жылы Абай атындағы АМУ-дің (Алматы қ.) көркемсурет-графика факультетін «бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. 1994-1996 жылдары Қостанай қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінде оқытушы болып жұмыс істеді. 2004 жылы «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан бейнелеу өнері» және «Қазақстан кескіндемесі. Тарих және қазіргі заман» баспа жобаларына қатысқан.