Ағайынды Егорновтар
1858-1902, 18??-1920
Ағайынды Егорновтар ( Александр мен Сергей, орыс суретшілері). Егорнов Александр Семенович 1858 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ол кескіндемеші, акварельші. 1883 жылы Санкт-Петербургтегі Өнер академиясында оқып, М.К. Клодттан тәлім алды. Ол үлкен күміс медальмен (1886), кіші алтынмен (1887), және «Дубы» атты картинасы үшін үлкен алтын медальмен марапатталып, 1-ші дәрежелі класс суретші атағына ие болды. 1887 жылдан бастап тұрақты түрде көрмелерге қатысты. 1889-1891 жылдары Көрокемсурет академиясының зейнеткері ретінде Франция, Италия және Англияға саяхат жасаған. 1893 жылы «Перед грозой а» және «Нормандский берег» пейзаждары үшін академик атағына ие болды. 1897-1902... далее
Ағайынды Егорновтар ( Александр мен Сергей, орыс суретшілері). Егорнов Александр Семенович 1858 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ол кескіндемеші, акварельші. 1883 жылы Санкт-Петербургтегі Өнер академиясында оқып, М.К. Клодттан тәлім алды. Ол үлкен күміс медальмен (1886), кіші алтынмен (1887), және «Дубы» атты картинасы үшін үлкен алтын медальмен марапатталып, 1-ші дәрежелі класс суретші атағына ие болды. 1887 жылдан бастап тұрақты түрде көрмелерге қатысты. 1889-1891 жылдары Көрокемсурет академиясының зейнеткері ретінде Франция, Италия және Англияға саяхат жасаған. 1893 жылы «Перед грозой а» және «Нормандский берег» пейзаждары үшін академик атағына ие болды. 1897-1902 жылдары құрамында Альберт Бенуа, А.П. Боголюбов, М.П. Клодт, К.Я. Крыжицкий, Л.Ф. Лагорио секілді суретшілер болған Петербургтегі Орыс акварельшілері қоғамын басқарды. Александр Егоровтың туындылары 1904 жылы Петербургте өткен көрмеде көрсетілді. Оның жұмыстары Третьяков галереясында, Ресей мемлекеттік мұражайында және көптеген аймақтық және республикалық мұражайларда сақтаулы. Александрдың көркемдік мансабының тез көтерілуі 1902-1903 жылдардағы 44 жасында ерте қайтыс болуымен тоқтап қалды. Оның өлімінен кейін бір жыл өткен соң, астанада суретшінің ағасы ұйымдастырған қайтыс болғаннан кейінгі көрме өтті. Інісі Сергей Семенович Егорнов Мәскеудегі Әулие Михаилдің реальное училищесін (Московское реальное училище) бітіргеннен кейін Санкт-Петербургтегі Павел Брюлловтан жеке сабақтар алды. Кейінірек Сергей Егорнов Өнерді ынталандыру қоғамының Сурет мектебіне түсіп, содан кейін Өнер академиясында он жыл бойы білім алады. Үлкен ағасы А.С. Егорновтан айырмашылығы, көбінесе пейзаждар салған, Сергей Семенович портреттермен де, тұрмыстық және классикалық картиналармен де айналысқан. Сергей Егорнов Ресейдегі ұлы дүрбелең болған 1920 жылы Геленджикте қайтыс болды. скрыть
Суретшінің жұмыстары