Ажиев Уке
1924 - 2015
Әжиев Үкі (Үке) Әжіұлы. Кеңестік және қазақстандық суретші. Екінші дүниежүзілік соғысқа және Ленинград блокадасына қатысушы. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1959). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1985). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты. КСРО медальдарымен марапатталған. Шоқан Уәлиханов атындағы мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті шәкіртақысының лауреаты. 1924 жылы 23 желтоқсанда Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Кемертоған ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1938-1939 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде оқыды. 1939 жылы ең дарынды студент ретінде Өнер академиясының орта көркемсурет мектебіне жіберіледі. Ұлы Отан... далее
Әжиев Үкі (Үке) Әжіұлы. Кеңестік және қазақстандық суретші. Екінші дүниежүзілік соғысқа және Ленинград блокадасына қатысушы. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1959). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1985). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты. КСРО медальдарымен марапатталған. Шоқан Уәлиханов атындағы мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті шәкіртақысының лауреаты. 1924 жылы 23 желтоқсанда Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Кемертоған ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1938-1939 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде оқыды. 1939 жылы ең дарынды студент ретінде Өнер академиясының орта көркемсурет мектебіне жіберіледі. Ұлы Отан соғысы басталысымен Әжиев майданға аттанды. Ленинградты қорғауға қатысты. Ол 1950 жылы демобилизациядан кейін Алматы көркемсурет училищесін суретші мамандығы бойынша бітірді. Әжиев майлы бояумен көптеген картиналарды, акварельдік этюдтер мен портреттерді жазды. Оның акварельдеріндегі түстер қашан да нәзік те талғамды үйлесімде. Оның өнері тарихи және қазіргі заманғы маңызы бар әлеуметтік маңызды тақырыптармен де ерекшеленеді. Әжиев акварельдік кескіндеме шебері. Суретшінің шығармашылық жолының басталуы 1950-1960 жылдардағы өзекті мазмұнға ие картиналарды жасауымен байланысты. Олардың тақырыбы Тың және ондағы халыққа арналды. Үкі Әжиев «Шоқан Уәлихановтың саяхаты» (1959), «Профессор М.Балақаев» (1962), «Студент қыз Бақыт» (1965), Маңғышлақ даласы» (1976), «Бақташы» (1980), «Жұбайымның портреті» (1995), «Тау суреті» (1997) және т.б. картиналарының, ұлы адамдар, танымал тұлғалар, жұмысшылар, ауыл еңбеккерлері, ғалымдар, жас замандастар портреттерінің авторы. Оның портреттік бейнелер галереясындағы әйел бейнелері ерекше назар аудартады. «Түпнұсқамен ұқсастық – бұл портреттік кескіндемедегі басты нәрсе емес». Табиғатты терең түсінудің негізінде, суретші түс пен жарықтың дәлме-дәл сипаттамаларын іздейді. Әжиев шығармашылығында ана тақырыбының да өзіндік шешімі бар. Ұлттық ерекшелікті нәзік әрі поэтикалық тұрғыдан түсіндіру образдың мазмұнын тереңдете отырып, оған ұлттық нақыштағы талғампаздықты береді. Мұндай шығармалардың ішінде «Қазақтың Мадоннасы» (1979), «Ана ойлары» (1983), ерекше мәнерлі «Әбілхан Қастеевтің портреті» (1969), «Автопортрет» (1981) шығармалары орындау стилі жағынан әртүрлі болғанымен, табиғаттағы мәңгілікті, адам бойындағы сұлулықты бейнелеу мүддесін көздейтін шығармашыл суреткердің жандүниесінің туыстығын жеткізуі жағынан етене жақын. Үкі Әжиев пейзаждарды талантты жазған. Суретші Жапония, Моңғолия, Югославия, Гана, Нигерия елдеріне жасаған сапарларында осы елдердің тұрғындарының дүниетанымының ерекшеліктерін, табиғатының өзіндік ерекшелігін, сол елдердің сәулет өнерін түсінуге ұмтылды, көргенін жеткізуге барабар құралдарды іздеді. Қазіргі заман мен дәстүр «Фудзи етегінде» (1971) эскизінде көрініс тапқан. «Гоби» (1976), «Бизондар» (1974), «Гобидегі түн» (1976) акварельдері суретшінің қиялын баурап алған Монғолияның тұнық табиғатының ұлылығын көрсетеді. Табиғат пен адамның етене өмір сүруіндегі үйлесімділік идеясы оның «Биік таудағы жайлау» (1964), «Ассы жайлауы» (1976), «Хан-Тәңірі етегінде» (1978) және т.б. ғажап пейзаждарына енген. Орта Азия, Украина және Қырымдағы «Самарқандтағы көше» (1968), «Бұхарадағы керуен сарайы» (1966), «Десна жағалауында» (1964), «Гурзуф» (1964) пейзаждар сериясы бұрынғы Одақтың түкпір-түкпіріндегі табиғат ерекшеліктерін жеткізуге мүмкіндік береді. Жұмыстары Третьяков галереясына, Лондон сәулет және өнер мұражайына (Tate Britain), Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына, республиканың және ТМД елдерінің басқа да музейлеріне қойылған және Киев, Баку, Вильнюс және Ригадағы, сондай-ақ Франция, Италия, Германия, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея елдеріндегі жеке коллекцияларда бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша, ол 10 мыңға жуық туындыны жазып қалдырған. скрыть
Работы художника