Карахан Николай
1900-1970
Карахан Николай Георгиевич. Кеңес суретшісі, Өзбек КСР-інің халық суретшісі (1960). 1926-1929 жылдары Ташкенттегі АХРР филиалының мүшесі. Александр Волков негізін қалаған Өзбек кескіндеме мектебінің талантты шебері. Ол 1917 жылы И.С. Казаков ательесіне оқуға қабылданды. Ташкенттегі Түркістан өлкелік көркемсурет училищесінде Алексей Исупов пен Сергей Юдиннен білім алды (1919–1921). Қарахан 1920-1924 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында үгітші болып қызмет етті. Ол әскердегі және ауылдық елді мекендердегі ғимараттардың фрескаларын, қабырға плакаттарын және декорацияларын, сондай-ақ Қызыл Армия театрының ою-өрнектерін жасады. Дәл осы жылдары Карахан туған өлке табиғатымен етене жақындасуды іздеп, өз өлкесінің жерін аралайды.... далее
Карахан Николай Георгиевич. Кеңес суретшісі, Өзбек КСР-інің халық суретшісі (1960). 1926-1929 жылдары Ташкенттегі АХРР филиалының мүшесі. Александр Волков негізін қалаған Өзбек кескіндеме мектебінің талантты шебері. Ол 1917 жылы И.С. Казаков ательесіне оқуға қабылданды. Ташкенттегі Түркістан өлкелік көркемсурет училищесінде Алексей Исупов пен Сергей Юдиннен білім алды (1919–1921). Қарахан 1920-1924 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында үгітші болып қызмет етті. Ол әскердегі және ауылдық елді мекендердегі ғимараттардың фрескаларын, қабырға плакаттарын және декорацияларын, сондай-ақ Қызыл Армия театрының ою-өрнектерін жасады. Дәл осы жылдары Карахан туған өлке табиғатымен етене жақындасуды іздеп, өз өлкесінің жерін аралайды. Кейін еліне оралып, Түрікмен педагогикалық техникумында оқытушы (1925 - 1934) болып, кейін Ташкент көркемсурет училищесінде кескіндеме курсынан сабақ берді (1934 - 1941). 1928 жылдан көрмелердің қатысушысы. 1939 жылы Николай Карахан Нью-Йоркте 44 миллионға жуық адам келген «Ертеңгі әлем/ Мир завтрашнего дня» дүниежүзілік көрмесінде КСРО павильонын фрескалармен безендіруге қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Өзбекстан Суретшілер одағының мүшелерімен бірге Ташкент көшелерінде патриоттық үгіт-насихат жүргізуде Қарахан үлкен рөл атқарды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы көрмелерін ұйымдастыруға қатысады. Осы жылдары ол «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Өзбекстан» деген тақырыпта тұтас бір шығармалар сериясын жасады. Ташкентте жеке көрмелері өтті (1960, 1965, 1981). Николай Караханның туындылары Третьяков галереясында, өнер мұражайында. И.В.Савицкий және басқа да облыстық музей қорларында, сондай-ақ Ресейдегі және шетелдегі жеке коллекцияларда тұр. скрыть
Суретшінің жұмыстары