Гумаров Сәкен
1937-1995
Гумаров Сәкен Нашметдинұлы. Режиссер, суретші. КСРО Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (1998). 1937 жылғы 3 ақпанда Орал облысы, Бөкейорда ауданында дүниеге келген. Ленинград театр, музыка және кинематография институтында және А.В. Луначарский атындағы ГИТИС-те оқып, жоғары білім алды. Ленинградта П.Филонов шеберханасында кескіндемені оқыды. 1960-1964 жылдары жаңадан ашылған Орал облыстық телеарнасының бас режиссері болып жұмыс істеді. Алғашқы жеке көрмелері Киевте 1990-1991 жылдары Украин үйінде, Украинаның Тарих мұражайында, Мәскеудегі Суретшілер үйінде және Будапештте, кейін Алматыда өтті. Суретшінің шығармашылығы оптимизмге толы және әлемнің тұтастығын түсінуге кілт береді. Сәкен Гумаров өзінің шығармашылығында... далее
Гумаров Сәкен Нашметдинұлы. Режиссер, суретші. КСРО Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (1998). 1937 жылғы 3 ақпанда Орал облысы, Бөкейорда ауданында дүниеге келген. Ленинград театр, музыка және кинематография институтында және А.В. Луначарский атындағы ГИТИС-те оқып, жоғары білім алды. Ленинградта П.Филонов шеберханасында кескіндемені оқыды. 1960-1964 жылдары жаңадан ашылған Орал облыстық телеарнасының бас режиссері болып жұмыс істеді. Алғашқы жеке көрмелері Киевте 1990-1991 жылдары Украин үйінде, Украинаның Тарих мұражайында, Мәскеудегі Суретшілер үйінде және Будапештте, кейін Алматыда өтті. Суретшінің шығармашылығы оптимизмге толы және әлемнің тұтастығын түсінуге кілт береді. Сәкен Гумаров өзінің шығармашылығында сюжет пен композицияның түпнұсқалығын жоғары бағалаған – «Бостандық. Мен бостандықты бағалаймын және оған ұмтыламын», – деді суретші. Сәкен Гумаровтың тірі кезінде қырыққа жуық жеке көрмесі өтті. Оның жұмыстары А. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайына, Қазіргі заман өнері мұражайына (Астана) және Сәкен Гумаровтың мұражай-үйіне (Орал, 1995 жылы ашылған) қойылған. Суретшінің картиналары Алматыдағы Қазақ драма театрының фойесіне де қойылған. скрыть
Суретшінің жұмыстары