Бортников Алексей
1909-1980
Бортников Алексей Ильич. Қазақстандық кескіндемеші, график. 1958 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Суретшілердің аға буыны қатарынан. 1909 жылғы 25 ақпанда Қызылорда облысы Қармақшы ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырдың 20-жылдары Верный қаласында (Алматы қ.) Н. Хлудовтың көркемсурет студиясында оқыған. 1928-1932 жылдары Одесса қаласындағы «Одесса көркемсурет институтында» оқуын жалғастырған, Д. Крайнийден дәріс алған. Институтты бітіргеннен кейін Алматыда жұмыс істеді, 1938 жылдан бастап Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) сабақ берді. 1933 жылдан бастап көптеген көркемөнер... далее
Бортников Алексей Ильич. Қазақстандық кескіндемеші, график. 1958 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Суретшілердің аға буыны қатарынан. 1909 жылғы 25 ақпанда Қызылорда облысы Қармақшы ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырдың 20-жылдары Верный қаласында (Алматы қ.) Н. Хлудовтың көркемсурет студиясында оқыған. 1928-1932 жылдары Одесса қаласындағы «Одесса көркемсурет институтында» оқуын жалғастырған, Д. Крайнийден дәріс алған. Институтты бітіргеннен кейін Алматыда жұмыс істеді, 1938 жылдан бастап Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) сабақ берді. 1933 жылдан бастап көптеген көркемөнер көрмелеріне қатысты. «Верный қаласында бүлікшілер митингінде Д. Фурмановтың сөз сөйлеуі» (1940) және «Н.Г. Хлудов жайлауда» (1960) картиналарының авторы. Бортников «Н.Г. Хлудов жайлауда» картинасын Қазақстанға 1879 жылы келген ұстазы, суретші Н.Г. Хлудовқа арнаған. скрыть
Суретшінің жұмыстары