Ақанаев Амандос
1948 ж. т.
Ақанаев Амандос Әтибекұлы. Қазақстандық суретші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1978). Суретшілер одағы басқармасының мүшесі, кескіндеме секциясының төрағасы (1980 – 1986). ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының толық мүшесі (1986). Қазақстан көркемсурет академиясының академигі (2006). Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2010). Көптеген Құрмет грамоталарымен, КСРО Суретшілер одағының сыйлықтарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамоталарымен марапатталған. КСРО Көркемсурет академиясының стипендиаты. 1949 жылы 21 наурызда Алматы облысындағы Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер техникумы) бітірген. Ол... далее
Ақанаев Амандос Әтибекұлы. Қазақстандық суретші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1978). Суретшілер одағы басқармасының мүшесі, кескіндеме секциясының төрағасы (1980 – 1986). ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының толық мүшесі (1986). Қазақстан көркемсурет академиясының академигі (2006). Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2010). Көптеген Құрмет грамоталарымен, КСРО Суретшілер одағының сыйлықтарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамоталарымен марапатталған. КСРО Көркемсурет академиясының стипендиаты. 1949 жылы 21 наурызда Алматы облысындағы Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер техникумы) бітірген. Ол қылқаламның хас шеберлері – Мақұм Қисамединов, Мұхит Қалимов, мүсінші Вагиф Рахманов, Төлеген Досмағамбетов және Мәскеу мен Ленинградтың орталық көркемсурет университеттерінің басқа да дарынды түлектерінен дәріс алды. Суретшінің шығармашылығына Алматыда Сабур Мәмбеев, Салихиддин Айтбаев, Исатай Исабаев, Оралбек Нұржұмаевпен қарым-қатынасы әсер етті. Шығармашылық өмірінде суретші Еуропаның станок өнері дәстүрлерін Азия көшпелілерінің көркем мұрасының монументалды пластикалық өнерімен синтездей отырып, «неотрадиционализмнің» қайталанбас-бірегей стилін жасады. Суретші майлы бояудан, лак пен үгінділерден тұтқырлық беретін арнайы ерітінділер дайындап, рельефті қолмен жасады. Амандос Ақанаев неотрадиализм, бояулар мен металдарды пайдалану арқылы рельефті кескіндеме жасауға анасының ықпалының арқасында келді. Ол кісі ісмер, ұлттық қолөнер шебері болған, 30-жылдары ашаршылық кезінде ер-тоқым жасау (бұл былғарыны мүсіндік өңдеу) арқылы отбасын аман алып қалған, зергерлік бұйымдардың шекімесін жасаумен айналысқан, киім тіккен. Анасының таланты мен шеберлік гені Амандос пен оның ағасына, балалары мен немерелеріне дарыған. Қазақстанда Амандос Ақанаев бірінші болып металды картинаға қосты. Суретші үшін аса маңызды болған алтын түстің әсерін бояулар бере алмады, сондықтан ол қола, жез, мыс, алюминий сынды металға ауысты, олар жұмысқа 60-70, тіпті 200 килограммға дейін ауырлық қосып, туындының салмағын арттырды. Оның картиналарының әлемі – түсті және бейнелі түрде берілген көшпелі Азия мәдениетінің ауқымды көркем шежіресі. Жұмыстар Третьяков галереясы, Шығыс халықтары өнері мұражайы (Мәскеу), Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайын қоса алғанда, әлемдегі ең ірі мұражайлардың жинақтарында, Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығы және Астана, Павлодар, Көкшетау қалаларының басқа да мұражайларында, Виллафамес (Испания) заманауи өнер мұражайында, Балтимор (АҚШ) өнер мұражайында, сондай-ақ АҚШ, Германия, Ресей, Англия, Франция, Бельгия, Италия, Швеция, Швейцария, Лихтенштейн, Дания, Үндістан, Пәкістан, Египеттегі жеке коллекцияларда сақтаулы. скрыть
Суретшінің жұмыстары