Антропов Александр
1922 -2002
Антропов Александр Семенович. (Оның туыс ағасы - суретші Владимир Александрович Баландин). Қазақстанның алғашқы суретшілерінің бірі. Қостанай облысы Верненка ауылында дүниеге келген. 1936 жылы оның отбасы Верный қаласына көшеді. 1939-1947 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) оқиды. 1943 жылы соғысқа кетіп, 1945 жылы оралады да оқуын жалғастырады. 1947-1950 жылдары Киев институтының графика бөлімінде оқыған. Алматыға оралғаннан кейін, 1950-1990 жылдары Қазақ Суретшілер одағында жұмыс істеді. Портреттер, пейзаждар, натюрморттарды реалистік бағытта жазды. 1955 жылы Алматыда өткен «КазИзо» өндірістік-шығармашылық бірлестігі суретшілерінің 3-ші есептік көрмесіне қатысқан. Көрмеге... далее
Антропов Александр Семенович. (Оның туыс ағасы - суретші Владимир Александрович Баландин). Қазақстанның алғашқы суретшілерінің бірі. Қостанай облысы Верненка ауылында дүниеге келген. 1936 жылы оның отбасы Верный қаласына көшеді. 1939-1947 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) оқиды. 1943 жылы соғысқа кетіп, 1945 жылы оралады да оқуын жалғастырады. 1947-1950 жылдары Киев институтының графика бөлімінде оқыған. Алматыға оралғаннан кейін, 1950-1990 жылдары Қазақ Суретшілер одағында жұмыс істеді. Портреттер, пейзаждар, натюрморттарды реалистік бағытта жазды. 1955 жылы Алматыда өткен «КазИзо» өндірістік-шығармашылық бірлестігі суретшілерінің 3-ші есептік көрмесіне қатысқан. Көрмеге қатысқандар арасында А. Антропов, Ү. Әжиев, И. Стадничук, В. Ф. Болкоев, П.И. Реченский сынды суретшілер болған. скрыть
Суретшінің жұмыстары