Алиев Дулат
1948 ж. т.
Алиев Дулат Қаппарұлы. Қазақстандық суретші-кескіндемеші. 1948 жылғы 5 қаңтарда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1977 жылы И. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген, В. Ветрогонскийдің шәкірті. 1979 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Тәуелсіз Жалпыұлттық «Тарлан» сыйлығының лауреаты. 1977-1982 жылдары Дулат Алиев Алматы көркемсурет училищесінде, 1991-1994 жылдары республикалық көркемсурет колледжінде оқытушы болып жұмыс істеді. 1977 жылы Алматыға қоныс аударған жас суретші шынайы өмірмен бетпе-бет келді. Қаладағы әбігерлік, халықтың көптігі, автобустардың лық... далее
Алиев Дулат Қаппарұлы. Қазақстандық суретші-кескіндемеші. 1948 жылғы 5 қаңтарда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1977 жылы И. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген, В. Ветрогонскийдің шәкірті. 1979 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Тәуелсіз Жалпыұлттық «Тарлан» сыйлығының лауреаты. 1977-1982 жылдары Дулат Алиев Алматы көркемсурет училищесінде, 1991-1994 жылдары республикалық көркемсурет колледжінде оқытушы болып жұмыс істеді. 1977 жылы Алматыға қоныс аударған жас суретші шынайы өмірмен бетпе-бет келді. Қаладағы әбігерлік, халықтың көптігі, автобустардың лық толуы, дүкендердегі тауарлардың тапшылығы суретшінің назарын аударады. Қалалық пейзажды көрмесек те, оның атмосферасын анық сезінеміз. Балалары дүниеге келгенде, Дулат Алиевтің шығармашылықтағы екінші кезеңі басталды: ең интимдік, ең сезімтал кезең. «Отбасы және балалар» тақырыбындағы картиналарды жазу кезінде суретшінің шығармашылығына тән ерекшеліктер қалыптасты. Суретшінің өзі: «Осы жылдары мен балаларға деген сүйіспеншілікке толы әкеге айналдым» дейді. Қарапайым тұрмыстық тақырыптар руханилық және адамгершілікке қанық. Өмірінің келесі кезеңінде суретші «Азаматтар» және өмірдің мәнін іздеу туралы циклдарын, Жаратушыға жүгіну тақырыбындағы картиналарды жасайды. скрыть
Суретшінің жұмыстары