«Жауhар» арт галереясы – еліміздегі ең танымал және көпшілікке жариялы түрде көрсетуге ашық коллекциялардың бірі. Оның қызметі – Қазақстан суретшілерінің академиялық кескіндеме туындыларын жинау және насихаттау. «Жаухар» галереясының жұмысы ресми түрде 2005 жылы басталғанымен, оның басты критерий – жиналған шығармалардың көркемдік деңгейінің жоғары болуы.
«Жауһар» галереясының коллекциясы академиялық қазақ өнерінің дамуы туралы толықтай нанымды көрініс береді. Коллекцияның негізін шығармалары республикадағы көркем сурет мектебінің дамуына елеулі әсер еткен және кәсіби бейнелеу өнерінің классиктері болып саналған А.Исмаилов, А.Черкасский, Л.Леонтьев, А.Ғалымбаева, Ү.Әжиев, Ж.Шарденов, Ш.Сариев, Г.Исмаилова, С.Айтбаев, С.Калмыков сынды және т.б. өнер қайраткерлерінің туындылары құрайды.
Галерея коллекциясында өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ кескіндеме классиктерінің туындылары мен Қазақстанның ең үздік заманауи суретшілерінің 200-ден астам жұмыстары бар. Бейнелеу өнерінің реализмнен сюрреализмге дейінгі барлық бағыттары ұсынылған. Сонымен қатар, коллекцияда XIX-XX ғасырлардағы орыс және кеңес суретшілерінің картиналары қамтылған. Галерея сондай-ақ Қазақстанның жас және дарынды суретшілерімен тығыз жұмыс істейді, олардың жұмыстарын насихаттап, көрмелер мен вернисаж күндерін өткізеді.
Галерея Қазақстан өнерінің тарихы туралы ағарту жұмыстарымен, өнерге қатысты кез келген тақырыпта дәрістер өткізумен, сондай-ақ Қазақстан кескіндемесінің жеке коллекциясын құру мақсатында үздік картиналарды іріктеумен айналысады.